Шымкент қаласында азық-түлік бағасы тұрақты (фото)

0
2 064

Мегаполистегі азық-түлік бағасының тұрақтылығы қала әкімдігінің назарында.


Шымкент қаласында азық-түлік бағасы тұрақты (фото)

«Айна» базарындағы азық-түліктерге тоқталсақ, маусымдық сұраныстарға қарай мұнда баға кішкене өскені байқалады. Сатушылардың айтуынша, бұл жылда болатын қалыпты жағдай. Дегенмен, сауда орындарында делдалдар мен алыпсатарлар бағаны негізсіз көтеріп отырған жайттар да жоқ емес. Бұл ретте Nur Otan партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов қала әкімдігімен бірлесіп сауда орындарына азық-түліктердің делдалдарсыз тікелей жеткізілуіне күш салатынын жеткізді«Айна» базарындағы азық-түліктерге тоқталсақ, маусымдық сұраныстарға қарай мұнда баға кішкене өскені байқалады. Сатушылардың айтуынша, бұл жылда болатын қалыпты жағдай. Дегенмен, сауда орындарында делдалдар мен алыпсатарлар бағаны негізсіз көтеріп отырған жайттар да жоқ емес. Бұл ретте Nur Otan партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов қала әкімдігімен бірлесіп сауда орындарына азық-түліктердің делдалдарсыз тікелей жеткізілуіне күш салатынын жеткізді

Бүгін "Nur Otan" партиясының Шымкент қалалық филиалы және Қоғамдық кеңестің мүшелері қаладағы азық-түлік сататын сауда орындарын аралап, тауарлардың бағасын бақылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

"Шымкент қаласында 4 әкімдіктің жанынан арнайы мониторингтік топтар құрылған. Әкімдік тарапынан күнделікті түске дейін және түске дейін барлық жерде бағалардың тұрақтылығына бақылау жасалынып жатыр. Халық арасында үрей туындағандығы үшін, арнайы БАҚ өкілдерін шақырып, қаладағы азық-түлік қорының молдығы мен бағалардың тұрақты екендігін көрсету қажетпіз. Сондықтан, бүгін GraMad сауда орталығына келіп тұрмыз. Азық-түлік жеткілікті. Шын мәнінде, адамдар өздеріне қажетті азық-түлік сатып алу қажет. Үрейленіп, аса көп мөлшерде сатып алудың қажеті жоқ.", - дейді "Nur Otan" партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов.



GraMaD сауда орталығына жүргізілген бақылау жұмыстары нәтижесінде азық-түліктің молдығы мен бағалардың тұрақтылығы анықталды.

"Қаладағы азық-түлік бағасы қазірше тұрақты. Ешқандай ауыртпашылық көріп жатқан жоқпыз. Халыққа тиімді деп ойлаймын. Күнделікті қолданылатын азық-түліктер өз бағасында тұр. GraMad, Magnum сияқты сауда орындары мен базарларда да бағаның өсімін байқамадым.",- дейді қала тұрғыны Әшірай Бердібайқызы.

Сондай-ақ, «Айна» базарындағы азық-түліктерге тоқталсақ, маусымдық сұраныстарға қарай мұнда баға өскендігі байқалады.

Сатушылардың айтуынша, бұл жылда болатын қалыпты жағдай. Дегенмен, сауда орындарында делдалдар мен алыпсатарлар бағаны негізсіз көтеріп отырған жайттар да жоқ емес. Бұл ретте "Nur Otan" партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов қала әкімдігімен бірлесіп сауда орындарына азық-түліктердің делдалдарсыз тікелей жеткізілуіне күш салатынын жеткізді.