​ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ИРАНДЫҚ VESPAR CO. КОМПАНИЯСЫМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

0
160


​ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ИРАНДЫҚ VESPAR CO. КОМПАНИЯСЫМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін «Shymkent Invest» алаңында инженерлік-құрылыс саласында жұмыс істейтін Иран Ислам Республикасының Vespar Co. компаниясының өкілдерімен кездесу өтті.

Vespar Co. – металл конструкцияларын жобалау, өндіру және монтаждау саласында тәжірибесі мол, беделді шетелдік компания.
Кездесу барысында тараптар Шымкент қаласының инвестициялық мүмкіндіктерін, индустриялық аймақтардың инфрақұрылымдық әлеуетін және шетелдік инвесторлар үшін қарастырылған қолдау тетіктерін жан-жақты талқылады.
Ирандық тарап Шымкент қаласында металл конструкцияларын өндіру бойынша бірлескен жобаларды іске асыруға қызығушылық білдірді.
Бөлісу