Шымкент қаласының әкімдігі арыстағы 694 үйді қалпына келтіреді

0
1 188

Шымкент қаласына 10 сектор бөлінген, онда 694 үй орналасқан.


Шымкент қаласының әкімдігі арыстағы 694 үйді қалпына келтіреді

Шымкент қаласының əкімі Ғабидолла Əбдірахымов және Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Ғани Ташқараев Арыс қаласына барды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қала әкімі Арыс қаласын қалпына келтіру штабында болып, Шымкентке тиесілі секторда атқарылатын жұмыстармен танысты.

"Шымкент қаласына 10 сектор бөлінген, онда 694 үй бар. Олардың сметасы толық жасалып, жөндеу жұмыстары басталып кетті. Құрылыс жұмыстары менің тұрақты бақылауымда, ол алдағы бір айда толық аяқталады", - деді Ғ.Əбдірахымов.

Еске салсақ, Арыс қаласы мен қала маңында 8867 үй бар. Соның 6127 үйі жарылыстан зардап шеккен. 27 үй толықтай қайтадан салынады. Қазіргі таңда Арыс қаласы 17 секторға бөлінген. Бұл секторлардағы жөндеу жұмыстарына республиканың 16 облысынан және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан 170 арнайы бригада келіп, 1194 құрылысшы іске кірісті. Олар тұрғын үйлерді бағалау жұмыстарын жүргізіп, 435 үйге жөндеу жұмыстарын бастап кетті.