Серіктестіктің үлесін кеңейтудің негізгі мақсаты қаладағы жолаушылар тасымалдау сапасын жақсарту болып табылады.
иллюстрациялық фото: ашық дереккөз
ERNUR.KZ.Шымкент қаласының әкімдігі жолаушылар тасымалдау саласын дамытуды жоспарын жасады, деп хабарлайды ERNUR.KZШымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шымкент қаласының әкімдігі жолаушылар тасымалдау саласын дамыту мақсатында «Диспетчерлік қызмет орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесін 100%-ға кеңейтуді жоспарлап отыр. Серіктестіктің үлесін кеңейтудің негізгі мақсаты қаладағы жолаушылар тасымалдау сапасын жақсарту болып табылады.
«Осы мақсатқа жету үшін серіктестік мына қызмет түрлерін жүзеге асыруды жоспарлап отыр:
1. Отандық өндірушілерден лизингке автобустар алып, қалалық жолаушы тасымалдаушы компанияларға жалға беру.
2. Қалалық әлеуметтік маңызы бар бағыттардың жұмысын ұйымдастыру.
3. Көлік саласындағы озықә дістер мен үлгілерді енгізу негізінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тасымалдау мәдениетін жоғары деңгейге көтеру, өндірістік көрсеткіштерді есепке алу және талдау жүргізу.
4. Жолаушылар көліктерінің желісін тиімді қалыптастыру жөнінде ұсыныстар дайындау», - делінген әкімшілік жіберген хабарламада.
Сонымен қатар, сұрақтар мен ұсыныстарыңыз болған жағдайда хабарландыру жарияланған сәттен бастап 30 күнішінде shymdor@mail.ru электронды поштасына жазуыңызға болатынын еске саламыз.
Байланыс телефоны: 39-36-89.