​Шымкент қаласының әкімі диодты шамдар шығаратын алғашқы кәсіпорынмен танысты

0
1 746

Кәсіпорынның жобалық қуаты - жылына 18 мың көше шамын және 36 мың кеңсе шамын шығаруға лайықталған.


​Шымкент қаласының әкімі диодты шамдар шығаратын алғашқы кәсіпорынмен танысты

ERNUR.KZ. Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов «Тассай» индустриялық аймағында орналасқан «ҚазТехникас» ЖШС кәсіпорнында болып қайтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз ьқызметіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, бұл - еліміздің оңтүстік аймағында диодты жарық шамдарын шығаруды қолға алған алғашқы кәсіпорын. Кәсіпорынның жобалық қуаты - жылына 18 мың көше шамын және 36 мың кеңсе шамын шығаруға лайықталған.

Жобаның жалпы құны - 500 млн. теңге. Қажетті қаражат көзі кәсіпорынның өз есебінен жұмсалған. «КазТехникас» ЖШС жұмыстың тиімділігін арттыруда заманауи технологиялармен жабдықталған. Мұнда жарықтандыру және энергия үнемдеу бағытындағы тиімділігін көрсеткен соңғы үлгідегі заманауи технология қолданылады. «КазТехникас» ЖШС мынадай өнімдердің түрлерін өндіруге маманданған:
- көшелерді жарықтандыру;
- кеңсенің жарықтандырылуы; - Күн және жел қондырғыларына негізделген автономды жарықтандыру жүйесі;
- жарықтандыру жүйелерін автоматтандыру;
- жіңішке-жалпақ металл өнімдерін өңдеу.