Шымкент қаласының әкімі кезекті қаланы аралау барысында бірқатар нысандардың жұмысымен танысты

0
101

Жаңа нысан тұрғындардың демалысы мен серуені үшін қолайлы қоғамдық кеңістікке айналмақ.


Шымкент қаласының әкімі кезекті қаланы аралау барысында бірқатар нысандардың жұмысымен танысты

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков кезекті қаланы аралау барысында 30 отбасыға жаңа пәтер кілтін табыстау рәсіміне қатысты.

Пәтерлер «Отбасы банк» АҚ-тың «2-10-20» және «5-10-20» жеңілдетілген бағдарламалары бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған және төлем қабілеттілігі расталған азаматтарға берілді. Қала әкімі жаңа қоныс иелерін құттықтап, оларға береке, молшылық және отбасылық жылулық тіледі.

Одан кейін қала басшысы Бозарық шағынауданында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында салынып жатқан заманауи қоғамдық кеңістіктің құрылысымен танысты. Жалпы аумағы шамамен 4 900 шаршы метрді құрайтын нысанда бүгінде көгал төсеу аяқталып, жарықтандыру, автоматты суару жүйесі, балалар және спорт алаңшаларын орнату жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ Абай ауданында өткен көшпелі кездесу барысында тұрғындар өз қаражаты есебінен балалар ойын алаңшасын салу жөнінде бастама көтерген көшелердің бірі араланды. Қала әкімі ұсынылған жер телімінің орналасу орнымен танысып, жауапты мекемелерге бұл өтінішті заң талаптарына сәйкес жан-жақты қарап, қажетті қолдау көрсетуді тапсырды.
Бұдан бөлек, жапон бағы (бұрынғы «Кең Баба» саябағы) аумағындағы құрылыс жұмыстарының барысы тексерілді. Аумақты абаттандыру деңгейі, құрылыс қарқыны мен сапасы қаралып, мердігер ұйымға нысанды белгіленген мерзімде аяқтау үшін жұмысты жеделдету тапсырылды.
Қаланы аралау аясында Жаңа Тұрлан шағынауданында «Халық қатысатын бюджет» жобасы бойынша салынған қоғамдық кеңістік те қаралды. Жалпы аумағы 3 000 шаршы метр болатын демалыс аймағында көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, автоматты суару жүйесі мен көше жарықтандыруы орнатылған. Жаңа нысан тұрғындардың демалысы мен серуені үшін қолайлы қоғамдық кеңістікке айналмақ.
Бөлісу