Аталған жұмыстар қала аумағындағы жануарлар санын реттеу, адамға жұғатын аурулардың алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылып отыр. Барлық шаралар ветеринариялық-санитариялық талаптарға сай жүргізілуде.
«Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заң талаптарына сәйкес, қаңғыбас жануарларды мерзімінен бұрын стерилизациялауға жол бермеу мақсатында операция жасау туралы шешім жануар уақытша ұстау пунктіне түскеннен кейін төртінші күні қабылданады.
Бұл туралы бүгін Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы Құранбектің қатысуымен өткен брифингте айтылды.
Стерилизациядан кейін жануарлар операциядан кейінгі асқынулар болмаған жағдайда белгілі бір мерзім бойы бақылауда ұсталады: ұрғашылар кемінде 11 күн, еркектер 4 күн. Осы уақыт аралығында оларға тұрақты түрде су мен азық беріледі, торлар механикалық тазалаудан өтеді, қажет болған жағдайда емдеу шаралары жүргізіледі. Агрессия танытпаған жануарларға арнайы чип пен бирка салынып, дерекқорға тіркеліп, құтыруға қарсы вакцина егіледі. Бұдан кейін олар бұрынғы мекендеу ортасына қайтарылады.
2023–2024 жылдары бұл бағыттағы жұмыстар бәсекелестік ортаға беріліп, мемлекеттік сатып алу порталы арқылы мердігер анықталмағандықтан уақытша тоқтатылған болатын. Ал биыл «Ветеринариялық қызмет» МКК тиісті құзырлы органдармен келісім алып, үш білікті ветеринар-дәрігермен келісімшарт жасап, стерилизация (кастрация) жұмыстарын белсенді жүргізіп келеді.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесі төмендегдей:
Бүгінгі күнге дейін зарарсыздандырылған жануарлар саны:
• 1 302 ит (оның ішінде 1 040 еркек, 262 ұрғашы);
• 145 мысық (оның ішінде 96 еркек, 49 ұрғашы).
Табиғи мекендеу ортасына қайта жіберілгендері:
• 815 ит;
• 91 мысық.
Зооеріктілер мен жеке тұрғындардың қамқорлығына берілгендері:
• 16 ит;
• 43 мысық.
Қазіргі таңда уақытша ұстау пунктінде зарарсыздандырылғандары:
• 450 ит;
• 11 мысық.
Аталған жұмыстар қала аумағындағы жануарлар санын реттеу, адамға жұғатын аурулардың алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылып отыр. Барлық шаралар ветеринариялық-санитариялық талаптарға сай жүргізілуде.