Жалпы Қаратау ауданы бойынша 21 шақырымға шағал тас төсеу жоспарлануда.
Шымкент қаласы Қаратау ауданында қиыршық тас төсеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бүгінде Қаратау ауданы бойынша Таскен, Тұран, Достық, Нұртас, Тассай шағын аудандарында 16 көшеге шағал тас төсеу жұмыстары атқарылған.
Атап айтқанда, Таскен тұрғын алабында 3 көшеге (1, 2, 8 көшелеріне) 650 шаршы метрге, Тұран шағын ауданы бойынша 3 көшеге (21, 14, 24 көшелеріне) 8 550 шаршы метр, Достық шағын ауданында 5 көшеге (16, 17, 18, 26, 27 көшелеріне) 17 440 шаршы метрге, Нұртас шағын ауданы бойынша 3 көшеге (атауы жоқ көшеге, 5, 6 көшелеріне) 750 шаршы метр, Тассай тұрғын алабына 3 көшеге (81, 83, 78 көше) 2 650 шаршы метрге шағал тас төселеді.
Жалпы Қаратау ауданы бойынша 21 шақырымға шағал тас төсеу жоспарлануда. Жалпы ұзындығы 124 745 шаршы метрге төселді.
Алдағы уақытта Қайнарбулақ саяжайы бойынша 10 көшеге (Буденого, Меренкого, Мичурина, Горького, Островского, Чехово, Пушкина, Белиского, Шевченко, Абай көшелеріне), Бозарық саяжайы бойынша 2 көшеге (1, 45 көшелеріне), Асар-2 шағын ауданы бойынша 2 көшеге (50, 53 көшелеріне) , Қайнарбұлақ тұрғын алабына 5 көшеге (25, 27, 70, 43, 21 көшелеріне), Сайрам тұрғын алабы (атауы жоқ 1, атауы жоқ 2, атауы жоқ 5 көшелеріне), Исхиджаб тұрғын алабы ( атауы жоқ 2, атауы жоқ 3, атауы жоқ 4 көшелеріне) шағал тас төселеді.
Сонымен қоса, қала әкімінің тұрғындарға жайлы және қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру туралы берген тапсырмасы негізінде қаланың шалғай орналасқан шағын аударына жалпы 52,7 шақырымды құрайтын 144 көшеге шағал тас төселді.
Атап айтқанда Абай және Әл-Фараби аудандары бойынша Тәуелсіздікке 20 жыл, Көкбұлақ, Жаңаталап, Игілік, Қызылжар, Сәуле, 276 орам, Ақжар-2 тұрғын алаптарындағы көшелерге шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстарды мердігер мекеме «Асфальт» ЖШС атқарды.