ШЫМКЕНТ: Қаратау ауданында тас төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

0
474

Аталған жұмыстар барысын аудан әкімі аппаратының жауапты қызметкерлері тұрақты қадағалауда.


ШЫМКЕНТ: Қаратау ауданында тас төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Шымкент қаласы Қаратау ауданында орналасқан «Тұран» шағынауданы аумағындағы топырақ көшелерге шағалтас төсеу жұмыстары атқарылуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған жұмыстар барысын аудан әкімі аппаратының жауапты қызметкерлері тұрақты қадағалауда. Жалпы аудан аумағында ұзындығы -1110 шақырымды құрайтын -1272 көше бар. Оның 549,1 шақырым (483 көше) - асфальт, 500 шақырым (735 көше) - шағал тас, 60 (54 көше) шақырым - топырақ көшелер.
Айта кетейік, аудан бойынша 60 шақырымға жуық жолдарға шағал тас төсеу атқарылатын болады. Сондай-ақ, аталған бағыттағы жұмыстар аудандағы «Қайнарбұлақ», «Асар-2», «Достық» елді мекендерінде де жүргізілуде.