ШЫМКЕНТ: кәріз коллекторы құрылысың жұмысы 37 пайызға жетті

0
346

Коллектор ұзындығы 20 шақырымға жетеді.


ШЫМКЕНТ: кәріз коллекторы құрылысың жұмысы 37 пайызға жетті

Шымкентте қала әкімі Ғабит Сыздықбеков солтүстік аумақты кәріз жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында басталған құрылыс жұмысымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мұнда Тұран шағынауданын тазарту құрылысына дейін Алматы трассасының бойында кәріз коллекторының құрылысы жүріп жатыр.
Коллектор ұзындығы 20 шақырымға жетеді.
Осы уақытқа дейін жұмыс көлемі 37 пайыз біткен. Құрылыс өндірістік кестеге сәйкес келесі жылдың соңында аяқталады.
Қала әкімі жауаптыларға жұмыс сапасын қадағалап, нысанды дер кезінде қолданысқа беруді тапсырды.