Сот отырысына келгендерге судья дауды медиация тәртібімен шешуге құқықтары бар екендігін түсіндірген.
Шымкент қаласының тұрғыны үш млн қарызын бермей сарсылтқан танысын сотқа берген деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Шымкент қаласы Қаратау аудандық сотына талап қоюшы К.А. жауапкер Б.И.-дан 3 000 000 теңге көлеміндегі берешекті өндіру туралы талап арызбен жүгінген. Сот отырысына келген қарыз беруші мен берешек жауапкерге судья Л.Әуелбекова дауды медиация тәртібімен шешуге құқықтары бар екендігін түсіндіріп берді.
Соның нәтижесінде бітімге келуді ұйғарған тараптар сотқа медиациялық келісімді бекіту туралы өтініштерін ұсынды.
Үш млн теңгені ап уақытында қайтармаған жауапкер қарыз соманы түп түгел қолма қол қайтарып беретін болды. Сөйтіп талап қоюшы өзінің талап қою арызынан бас тартуға келісті.
"Соттың ұйғарымымен тараптардың араларындағы түзiлген дауды медиация тәртібінде реттеу келісімі, ондағы шарттарымен қоса бекiтiлді. Бұл іс бойынша төленген мемлекеттік баж салығы талап қоюшыға қайтарылып, iс жүргізу өндiрiстен тоқтатылды,"-деп хабарлайды Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметі.
Айта кету керек, сот ұйғарымы заңды күшіне енбеген.