ШЫМКЕНТ: ​КӘСІПКЕРЛЕРМЕН АШЫҚ ДИАЛОГ ӨТТІ

0
94

Іс-шара Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 25 мамырдағы №53 бұйрығына сәйкес жыл сайын қыркүйек айының соңғы бейсенбісінде өткізіледі.


ШЫМКЕНТ: ​КӘСІПКЕРЛЕРМЕН АШЫҚ ДИАЛОГ ӨТТІ

ERNUR.KZ. Шымкент қаласында бақылау-қадағалау органдарының бизнес-қоғамдастық алдында өткізетін Бірыңғай есеп беру күні өтті. Жиынға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Айдын Кәрімов, мемлекеттік органдардың, кәсіпкерлер палатасының және бизнес-қоғамдастықтың өкілдері қатысты.


Іс-шара Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 25 мамырдағы №53 бұйрығына сәйкес жыл сайын қыркүйек айының соңғы бейсенбісінде өткізіледі. Кездесудің негізгі мақсаты кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру, мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы міндетті талаптарды сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдері арасында ашық диалог орнату болды.

Жиын барысында бақылау-қадағалау қызметінің нәтижелері қаралып, тексеру кезінде анықталған құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері талқыланды. Сонымен қатар қадағалау саласындағы заңнаманы жетілдіру бағыттарына қатысты мәселелер көтерілді.

Кездесуде прокуратура органдары, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Өңірлік кәсіпкерлер палатасы және бақылау-қадағалау органдарының өкілдері баяндама жасап, өз салалары бойынша ақпарат ұсынды. Бизнес-қоғамдастық өкілдері де өздерін толғандырған мәселелер мен ұсыныстарын ортаға салды.

Бірыңғай есеп беру күні мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлер арасындағы өзара байланысты нығайтуға, бизнестің құқықтық сауаттылығын арттыруға және бақылау-қадағалау саласындағы өзекті мәселелерді ашық талқылауға мүмкіндік берді. Мұндай кездесулер кәсіпкерлердің ұсыныстарын ескеріп, өзара тиімді байланыс орнатуға бағытталған.