ШЫМКЕНТ: Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында көрме-мұражайы ашылды

0
1 738

Жаңадан ашылған көрмені көптеген қалаларға көшіріп апарып, ұйымдастыра беруге болады.


ШЫМКЕНТ: Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында көрме-мұражайы ашылды

Шымкент қалалық «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында ағайынды Гриммдердің жылжымалы кіші көрме-мұражайы ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Алғаш рет Ресей Федерациясында ашылған бұл көрме Қазақстандағы бірнеше ірі қалаларда жылжымалы көрме ретінде өткен. Енді, сол көрмелердің жалғасы ретінде алғаш рет Шымкент қаласында ашылып отыр.

Ашылуына оқушылар мен студенттер, ағайынды Гриммдердің шығармашылығына әуестенуші қала тұрғындары қатысқан көрмеге танымал неміс жазушыларының өмірі мен шығармашылығын баяндайтын бұйымдар қойылған. Ал, көрме-мұражайдың қоры туралы арнайы дайындықтан өткен экскурсоводтар баяндайды.

«Бұл көрме 2018 жылы Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында өткен үлкен көрменің базасында әзірленген. Жылжымалы кіші көрменің ерекшелігі сол, оны көптеген қалаларға апарып көшпелі көрмелер ұйымдастыруға болады. Шағын көрме алдымен Қостанай қаласында ашылып, екі ай бойы Тараз қаласында ұйымдастырылды. Енді міне көрме Шымкент қаласына келіп, көрермендерге ағайынды Гриммдердің өмірі мен шығармашылығы жөніндегі деректер ұсынылып отыр», - дейді Германия Федеративті Республикасының Қазақстандағы Бас консулдығының мәдениет жөніндегі атташесі Вероника Гончароф ханым көрме жайлы.