Шымкент қаласында спорт саласы белсенді түрде дамып келеді. Бүгінгі таңда қалада 33 спорттық ұйым жұмыс істеп, спорттың 73 түрін дамытуда.
Оның ішінде:
• 36 олимпиадалық спорт түрі,
• 27 олимпиадалық емес спорт түрі,
Аталған ұйымдарда 18 490 спортшыны дайындау үшін 912 жаттықтырушы оқу-жаттығу сабақтарын өткізуде.
Қала әкімдігінің 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарының нысаналы индикаторлар тізбесінде спорт саласының 4 көрсеткіші бекітілген.
1. Халықтың спортпен айналысу үлесі
2023 жылдың қорытындысы бойынша, дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысатын азаматтар саны 513 954 адамды немесе жалпы халықтың 42,2%-ын құрады. 2025 жылға қарай бұл көрсеткішті 50%-ға жеткізу көзделген.
2. Спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу деңгейі
Қалада 1000 адамға шаққандағы спорттық инфрақұрылымның қамтамасыз етілуі 52,3% (45 566 м²) болды.
3. Ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың спортқа тартылуы
Шымкентте дене шынықтырумен айналысуға қарсы көрсетілімі жоқ мүмкіндігі шектеулі 15 644 адам бар. Оның ішінде, 2 798 адам немесе 14,9%-ы спортпен жүйелі түрде шұғылдануда.
Спорт саласындағы бұл жетістіктер қаланың әлеуметтік және физикалық денсаулық деңгейін жақсартуға бағытталған жұмыстардың табысты іске асып жатқанын көрсетеді.