Жыл басынан бері дрондардың көмегімен 8 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталған.
Шымкентте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде заманауи технологиялардың мүмкіндігі кеңінен қолданылуда.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің арсеналында 10-нан астам дрон бар. Олардың көмегімен қала аумағында әуеден бақылау жүргізіліп, құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды дер кезінде анықтау және жолын кесу жұмыстары жүзеге асырылуда.
Жыл басынан бері дрондардың көмегімен 8 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталған. Оның ішінде 3 800-ге жуығы жол қауіпсіздігі саласына, 3 700-ге жуығы қоғамдық қауіпсіздік бағытына қатысты.
Дрондарды пайдалану бақылау аумағын кеңейтіп, құқық бұзушылықтарды жедел анықтауға және қаладағы қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.


