ШЫМКЕНТ: Қоғамдық келісім кеңесінде баға тұрақтылығы қаралды

0
714

Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы азық-түлік пен жұмыссыздық қоғамдағы ең маңызды әрі өзекті мәселел екенін айтты.


ШЫМКЕНТ: Қоғамдық келісім кеңесінде баға тұрақтылығы қаралды

Шымкент қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері кезекті отырысты өткізу үшін қалалық Әл-Фараби атындағы орталық ғылыми-әмбебап кітапханасына жиналды, деп хабарлайды ERNUR.KZ

Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы О. Рахманбердиев жиналыстың күн тәртібінде азық-түлік қауіпсіздігі мен жұмыссыздық мәселесі тұрғанын айтты.
Отырысты кіріспе сөзбен бастаған Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Б. Әділханов былтыр кеңес тарапынан 35 ұсыным жолданып, 22-сі нақты шешімін тапқанын, ал қалғаны қоғамдық бақылауда екенін атап өтті.
Азық-түлік бағасын тұрақтандыру бойынша қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының бөлім басшысы Қ. Базарбеков баяндама жасады. Ол баяндамасында мегаполис республикада баға қымбаттылығы бойынша 15- орында екенін мәлімдеді. Сондай-ақ Азық-түлік корпорациясынан төмен бағада бидай сатып алып, қалыптағы бөлке нан құнын арзан ұстап тұратындарын жеткізді.
Келесі баяндамашы қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры Ш. Әсет былтыр 35 200 адам тұрақты және уақытша жұмысқа орналасқанын мәлім етті. Жұмыссыздық деңгейі қала бойынша 2021 жылы 5,2 пайыздан 5 пайызға төмендеген.
Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы О. Рахманбердиев азық-түлік пен жұмыссыздық қоғамдағы ең маңызды әрі өзекті мәселелер екенін атап, осы бағытта жүйелі жұмыстар үздіксіз жалғасу керектігін баян етті.