Базардағы бірнеше кәсіпкерлер санитарлық талаптарды орындамағандықтан, жұмысын уақытша тоқтатты
Шымкенттегі "Көктем" базарындағы дүңгіршектер жабылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Шымкент қаласы бас санитарының қаулысына сәйкес кәсіпкерлік нысандар санитарлық талаптарды қатаң сақтауы тиіс. Сақталмаған жағдайда сауда орыны жұмысын тоқтатады.
Қаулыға немқұрайлы қараған кәсіпкерлер әлі де кездесуде. Мәселен, " Көктем" базарына рейд жүргізу барысында мамандар бірнеше кемшіліктерді анықтады.
Олқылықтарды жойғанға дейін бірнеше дүңгіршек жұмысын тоқтата тұруына тура келді.