Сондай-ақ, көп балалы отбасыларға азық-түлік те үлестірілді.
Шымкент қаласында "Ізгілікте жарысайық" қайырымдылық қоры карантин кезінде қашықтықтан оқуға көшкен көп балалы 4 жанұяға теледидар тарту етті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Төртінші тоқсанды қашықтықтан оқу форматында бастаған оқушылар «Балапан» және «Ел арна» телеарналары арқылы білім алуға көшен болатын. Дегенмен, көгілдір экранға мұқтаж көп балалы отбасыларға қайырымдылық қоры көмек көрсетті. Сондай-ақ, шымкенттік еріктілер отбасыларды азық-түлікпен қамтамасыз етті.