Шымкент: коронавирусқа байланысты барлық білім мекемелерінде мерекелік іс-шаралар өткізуге тиым салынды

0
1 607

Бұл - әлемдегі коронавирустың таралуына байланысты қауіпсіздік шарасы үшін жасалынып отыр.


Шымкент: коронавирусқа байланысты барлық білім мекемелерінде мерекелік іс-шаралар өткізуге тиым салынды

иллюстрациялық фото

Шымкент қаласында барлық білім беру ұйымдарында "8 наурыз - халықаралық әйелдер күніне" арналған іс-шаралар өткізуге тиым салынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Шымкент қаласының білім басқармасы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 2 наурызда ""8 наурыз - халықаралық әйелдер күні" мерекесі қарсаңында жиын мен мерекелік концерт өткізбеу туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді.

Бұл - әлемдегі коронавирус таралуына байланысты қауіпсіздік шарасы үшін жасалынып отырғандығын айтады сала мамандары.

"Білім беру ұйымдарында жаппай мерекелік концерттер, ата-аналар жиналыстары, жоғары сыныптар арасында би кештері және оқушыларды мектеп әкімшілігі тарапынан балалар ойнайтын ойын-сауық кешендеріне апаруды ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуге тиым салуға ұсыныс беріледі." - делінген хабарламада.