Акцияның негізгі мақсаты - мұқтаж жандарға қол ұшын созып, көмек көрсету.
Шымкент қаласы Абай ауданында «Құрбандықтың етін мұқтаждармен бөліс» атты акция ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Құрбан айт мерекесіне орай, Шымкент қаласы Абай ауданына қарасты мешіт имамдары мен демеушілердің есебінен «Құрбандықтың етін мұқтаждармен бөліс» атты акция өтті. Мұқтаж жандарға қол ұшын созып, көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылған игі іс-шара барысында көп балалы және аз қамтылған 150 отбасыға ет таратылды.