ШЫМКЕНТ: Құрылыс техникасының астында қалған жұмысшы қаза болды

0
759

Қайғылы оқиға Самал-3 ықшам ауданында орын алған.


ШЫМКЕНТ: Құрылыс техникасының астында қалған жұмысшы қаза болды

Шымкентте көп тонналы жол құрылыс техникасының астында жұмысшы қаза тапты. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға бұрынғы қалалық қоқыс тастайтын жерге жақын маңдағы Алматы айналма тас жолы бойындағы Самал-3 ықшам ауданында орын алды. Көлік жүргізушісінің сөзінше, жас жұмысшы көп тонналық трамбалық металл дөңгелектің көлеңкесінде мызғып алуды көздеген.

"Мен дәретханаға біраз уақытқа кеткен едім. Қайтіп келгенде осындай қайғыға тап болдым. Көлігіме отырдым да әдеттегідей айдап кеттім. Сол кезде көліктің сәл көтеріліп барып түскенін байқадым. Дөңгелектің астына қарасам адам жатыр екен. Шамасы мен әжетханаға кеткенде, дөңгелектің көлеңкесінде ұйықтап кеткен болуы керек. Мен бұл бөлімге жақында келген едім", - дейді көлік жүргізуші.

Қазіргі таңда Абай аудандық полиция басқармасы оқиғаның мән-жайын анықтауда.