Шымкент: мемлекеттік қызметшілер заң бұзып, темір торға түскен экс-әріптестерімен кездесті

0
1 227

Қалалық мемлекеттік қызметшілер тағы да түрмеге барды.


Шымкент: мемлекеттік қызметшілер заң бұзып, темір торға түскен экс-әріптестерімен кездесті

Шымкент қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау, қаржы басқармалары, мәслихат аппараты мен тексеру комиссиясының қызметкерлері барлығы 100-ге жуық мемлекеттік қызметшілер қамаудағы ұстау шарттарымен танысып, тергеу изоляторында отырған азаматтармен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Істі болған азаматтар мен мемлекеттік қызметшілерді кездестіру алғаш рет ұйымдастырып отыр. Сала мамандарының айтуынша, түрме ішіндегі жағдайды оларға көрсету ойдағыдай нәтиже бермеген. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты істі болғандардың бүгінгі ахуалы мен өкінішін көрсету арқылы, аталған жобаның маңызын тереңдетіп отыр.

Қазір тергеу изоляторында отырған азаматтар жан-жағын қоршаған тікенекті сымдар, құлыптар мен темір торлар туралы айтып, өз өкініштерін жеткізді. Мемлекеттік қызметшілерді отбасын, басындағы бостандығын, қызметіне құрметпен қарауды және өздері жасаған қателіктерін қайталамауға шақырды. Бұрынғы әріптестерінің өкінішін тыңдаған қызметкерлердің бұл шарадан алған әсері өзгеше болғанына еш күмән жоқ.

"800 адамға арналған мекеме. Бірақ, қамауда 500 ден астам тергеудегі азаматтар отыр. Оның 30 шақты әйел, кәмелет жасына толмаған 4 сотталушы, мемлекеттік органда жұмыс жасаған 20 шақты оның сыбайластықпен отырған 20 шақты. Сотталып жазасын өтеп жатқандарға тәрбиелік бағытта шаралар өтеді. Белсенді қатысқандарына алғыс жарияланады." ,- дейді Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің Шымкент қаласы бойынша ИЧ -167/11 мекемесінің басшысы Ермек Жалғасбаев.

Темір торда отырған бұрыңғы мемлекеттік қызметшінің бірі жұмыстан тыс уақытта басшысы жұмсаған соң, белгісіз біреулерге зат апарып берген. Бірақ, ол кезде оның ішінде ақша барын білмегендігін айтады. Алайда 2 жылдан бері күдікті ретінде тергеліп жатқан бұрынғы бөлім басшысы тапсырманы орындаймын деп, қолына кісен салынған.

"Жұмыс барысындағы әріптесімнің ықпалымен барып қалдым. Мен онда пара ұсынғанын да білмеймін. Апарып бер деген жерге апарып, берген себебім рас. 20 жылдан астам тәжірибем бар еді. Қазір де жүзеге асып жатқан жобалардың құрастырушысы едім. Әр жобадан шабыттанып жұмыс істедім. Шалыс бастым. Өкінемін.",- дейді сотталушы.