​«ШЫМКЕНТ ӨНІМДЕРІ» КӨРМЕСІ БАСТАЛДЫ

0
646

Шымкент өнімдері қойылған көрме екі күнге созылады.


​«ШЫМКЕНТ ӨНІМДЕРІ» КӨРМЕСІ БАСТАЛДЫ

Бүгін Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында жергілікті тауар өндірушілердің көрмесі басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мұнда химия, машина, тамақ жасау, тоқыма және жеңіл өнеркәсіп, жиһаз, ойыншық, агро өнім, құрылыс материалдары мен су сүзгілерін шығаратын басқа да жалпы 70-тен астам кәсіпорын өз өнімдерін ұсынып отыр.

Көрменің ашылу салтанатына қала басшысы Ғабит Сыздықбеков қатысып, Шымкенттен шығатын өнім түрлерімен танысып шықты.
Мегаполисте жұмыс істеп тұрған екі мыңға жуық өнеркәсіп бар, оның 69 ірі және орта өндіріс ошақтарына жатады. Қаладағы кәсіпорындардың 80% өңдеуші өнеркәсіпті дамытуда. Көрмеге қойылғандардың арасында «Рахат-Шымкент» ЖШС, «ВИЗиТ» ЖШС, «Бал Текстиль» ЖШС, «Шымкент-Кашемир» ЖШС, «КазИталКожа» ЖШС, «Medcomfort», «Viva Mebel» ЖШС, «ECOPHARM Family Group» ЖШС, «Вакуматик» ЖШС, «Спектр», «Danico» тігін цехы, «Amanat Eco Group» ЖШС және басқа қаланың танымал компаниялары да бар.
Іс-шараны ұйымдастырудағы мақсат - жергілікті тауар өндірушілерін қолдау, оларды халыққа кеңінен таныстыру және тауарлардың өткізу нарығын кеңейту мүмкіндіктерін қарастыру.