ШЫМКЕНТ: Өткен тәулікте 125 адамнан коронавирус анықталды

0
707

Оның ішінде белгілері бар - 81, белгілері жоқ - 44.


ШЫМКЕНТ: Өткен тәулікте 125 адамнан коронавирус анықталды

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкентте КВИ-дің таралу деңгейі төмендемей отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

13 мамырда қалада 125 жағдай тіркелді (белгілері бар - 81, белгілері жоқ - 44). 41 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 84 адам үй бақылауына алынды.

Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1 406 орын бар (қалалық инфекциялық орталық - 490, «Атамекен» клиникасы - 450, Орынбай ГБОО - 70 орын, №14 емдеу орталығы – 250, қалалық перинаталдық орталық – 30, №2 оңалту орталығы-100, қалалық клиникалық балалар ауруханасы-10, Шымкент жүрек орталығы-6), төсек орын толымдығы 45%-ды құрайды, 761 төсек орын бос.
Шымкент қаласында соңғы тәулікте 3 444 адам вакцина алды. (I компонент-2 224, II компонент- 1 220). Егу науқаны басталғалы барлығы 157 098 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 62 377 адам вакцинаның екі компонентін алған.