ШЫМКЕНТ: Подъезде әйелді өлтірген күдікті қылмысын сотта мойындады

0
1 078

Бірақ, қасақана өлтіру ойында болмағанын жеткізді


ШЫМКЕНТ: Подъезде әйелді өлтірген күдікті қылмысын сотта мойындады

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкент қаласы Тәуке хан даңғылы бойындағы көп қабатты үйлердің бірінің подъезінде әйел кісіні өлтіріп кеткен күдіктіге қатысты сот ісі басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Шымкент қалалық мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі сотында басталған сот тыңдауында мемлекеттік айыптаушы күдіктінің жантүршігерлік қанды қылмысқа алдын ала дайындалғанын атап өтті. Бірақ, сот барысында өз кінәсін толық мойындаған 1971 жылы туған ер адам өлтіру ойында болмағанын жеткізді.

Еске сала кетейік, осының алдында 2019 жылдың мамыр айының 11 күні кешкі сағат 17.00. шамасында Шымкент қаласы Тәуке хан даңғылы бойындағы көп қабатты үйлердің бірінің подъезінде әйел адамды пышақтап кеткені жайлы ақпаратты хабарлаған болатынбыз.