ШЫМКЕНТ: Полицейлер жоғалған балаларды тауып анасына тапсырды

0
1 264

Шымкент қаласының полициясы Ұлыстың ұлы күнінде 13 жастағы жасөспірім ұл бала 5 жасар інісін ертіп үйлерінен үлкендерден сұранбай шығып, адасып кеткен балаларды тауып анасына жеткізді.


ШЫМКЕНТ: Полицейлер жоғалған балаларды тауып анасына тапсырды

Шымкентте үйінен шығып кетіп адасып қалған екі баланы тәртіп сақшылары тауып алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Наурыз мерекесі қарсаңында 13 жастағы жасөспірім ұл бала 5 жасар інісін ертіп үйлерінен үлкендерден сұранбай шығып кеткен. Жаяулатып сейілдеп жүріп қала сыртына шығып адасып кеткендіктерін аңғармай да қалған көрінеді. Мерекелік серуен өткізілетін қаладағы Наурыз алаңы мен Бәйдібек би ескерткішіне барғандықтарын балалар полицейлерге әңгімелеп берген. Екі бірдей ұлынан көз жазып қалған ата-ана балаларды әбден іздеп жыларман болған. Шымкент қаласы Қаратау аудандық полиция басқармасында балаларымен табысқан анасы риза болғаны сондай полиция қызметкерін құшақтап алдын.

"Шұғыл қимылдап, балаларды тауып туыстарына табыстаған полиция қызметкерлеріне алғыстарын жаудырды"-деп хабарлайды Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.