Бұл шеберлік сағаты шымкенттік дәрігерлерге білімді жетілдіру және практикалық дағдыларды шыңдау мүмкіндігін ғана емес, өңірдегі жаңа туған нәрестелерге медициналық көмектің сапасын арттырудағы маңызды фактор болып табылатын командалық өзара іс-қимылды нығайтуға мүмкіндік береді.
Шымкентте неонатолог дәрігерлердің халықаралық шеберлік сабағы өтуде.
Ресейден келген бір топ маман перзентхана қызметкерлерін неонатологиядағы қарқынды терапия бойынша оқытуда. Оған Свердлов облыстық денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас маман-неонатологы Ольга Ксенофонтова және Екатеринбург перинаталдық орталығының жаңа туған нәрестелерді реанимациялау бөлімінің меңгерушісі, анестезиолог-реаниматолог Евгений Шестак қатысуда.
Айта кету керек, шымкенттік дәрігерлер шетелдік мамандармен тәжірибе алмасып, өз біліктіліктерін арттыру барысында мұндай іс-шаралар жиі ұйымдастырылады. Қаладағы медициналық мекемелерде халықаралық тәжірибе мен жаңа технологияларды енгізу мақсатында түрлі семинарлар, конференциялар мен курстар өткізіледі.
Бұл шаралар шетелден келген дәрігерлер мен ғалымдардың қатысуымен жүзеге асырылады. Шымкенттік мамандар жаңа әдістер мен озық медициналық тәжірибені үйреніп, өздерінің кәсіби дағдыларын шыңдайды. Сонымен қатар, халықаралық деңгейде білім алуға мүмкіндік берген бұл ынтымақтастық Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін нығайтуға үлес қосады.