Қала тұрғындарына 500-ден астам жұмыс орны ұсынылды.
Шымкентте Республика күніне орай бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Атаулы мерекеге орайластырылған «Мүмкіндіктер алаңы» жәрмеңкесінде қала тұрғындарына 500-ден астам жұмыс орны ұсынылды. «Еңбек мобильділігі» орталығына қарасты Тұран аудандық «Мансап» орталығында өткен іс-шараға қала аумағындағы 30-ға жуық жұмыс беруші мекеме қатыстырылды.
Бүгінгі жәрмеңкеде 100-ге тарта тұрғынға жұмысқа жолдама берілді. Бос жұмыс орындарына жолдама алғандардың арасында пробация қызметі есебінде тұрған, мүгедектігі бар, сондай-ақ алимент төлейтін азаматтар бар.