Залалсыздандыру жұмыстарын бекітілген кестеге сәйкес арнайы мамандар атқаруда.
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы аумағында орналасқан «Сәуле», «Забадам», «Химфарм» шағынаудандарында дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Залалсыздандыру жұмыстарын бекітілген кестеге сәйкес арнайы мамандар атқарып жатыр.
Жұмылдырылған азаматтар арнайы техникамен, қорғаушы костюм және арнайы шашушы құралдармен қамтамасыз етілген. Аталған жұмыстар кестеге сәйкес, күнделікті жалғасады.
Сондай-ақ, аудан аумағында орналасқан екінші дережелі банк бөлімшелері мен банкоматтардың жанында тұрғындардың сақтық шараларын сақтау мақсатында дезинфекция жұмыстары жүргізілді. Бұл тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау үшін жасалуда.
Осы орайда, аудан тұрғындары тарапынан дезинфекция жұмыстары бойынша қосымша сұрақтар болса, шұғыл аудан әкімі аппаратының 54-96-54 кезекші телефонына хабарласу керектігін хабарлайды. Сондай-ақ әлеуметтік желідегі alfarabi.shymkent (Инстаграм парақшасы) және әл-Фараби Ауданы Әкімінің Аппараты (Фейсбук парақшасы) парақшалары арқылы тұрғындар өтініштері мен пікірлерін білдіре алады.