Шымкент қаласының спортшылары бүгінгі таңда республикалық және халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетіп, 2144 жүлделі орынға ие болған.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Шымкент қаласы бойынша дене шынықтыру және спорт басқармасының 2024 жылдың 10 айында атқарған жұмысының қорытындысы туралы» тақырыбында өткен баспасөз конференциясында айтылды.
• Қазақстан чемпионаттары: 668 алтын, 557 күміс, 669 қола медаль;
• Азия чемпионаттары: 68 алтын, 60 күміс, 39 қола медаль;
Қаланың спорттық жетістіктерін қамтамасыз еткен кәсіби мамандар:
• 2 ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы;
• 15 халықаралық дәрежедегі спорт шебері;
• 83 ҚР спорт шебері;
• 614 спорт шеберлігіне үміткер спортшылар.
Қазақстанның Ұлттық құрамасында Шымкенттен 1284 спортшы ел намысын қорғауда:
• Ересектер құрамасы – 423 спортшы;
• Жастар құрамасы – 461 спортшы;
• Жасөспірімдер құрамасы – 400 спортшы.
Қыркүйек айында Астана қаласында өткен Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Шымкенттен 18 спортшы 10 спорт түрінен қатысып, 16 жүлделі орынға ие болды:
• 7 алтын;
• 5 күміс;
• 4 қола медаль.
Бокстан жастар арасында Санжар-Әли Бегалиев 75 келі салмақта жеңімпаз атанды.
• Дзюдодан жастар арасында Талғат Орынбасар қола жүлдеге ие болды.
• Тоғызқұмалақтан ересектер арасында Ғалымжан Темірбаев пен Салтанат Сапарбекова топ жарды.
• Мангала ойынынан Қуанышбекова Айгерім 1 алтын және 2 қола медаль жеңіп алды.
• «Қазақстан барысы» турнирінде Ерсұлтан Мұзаппаров күміс жүлде иеленді.
Шымкент спортшыларының бұл жетістіктері қалада спорттың қарқынды дамып келе жатқанын дәлелдеп, жас буынға үлгі болуда.