ШЫМКЕНТ: Су тасқынынан зардап шеккен елдімекенінің тұрғындарына қаржылай көмек көрсетілді

0
691

Қазіргі таңда онда 56 үй жарамсыз болып қалған.


ШЫМКЕНТ: Су тасқынынан зардап шеккен елдімекенінің тұрғындарына қаржылай көмек көрсетілді

Шымкентте су тасқынынан зардап шеккен Елтай елдімекенінің тұрғындарына қаржылай көмек көрсетілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Қызыл ай» қоғамы мен «Болат Өтемұратов қоры» өкілдері 91 отбасына 50 мың теңгелік банк карточкаларын таратты. Бұл тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға едәуір көмек болары сөзсіз.

Қазіргі таңда онда 56 үй жарамсыз болып қалған. Олардың бәріне жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Құрылыс жұмыстары басталып кетті. Жарамсыз қалған баспаналар жөнделіп, жуық арада тұрғындар игілігіне пайдалануға берілмек.

Айта кетейік, есеп айырысу карточкалары 91 отбасының 500-ден астам тұрғынына таратылып берілді. Сондай-ақ «Шымкент қайырымды қала» әлеуметтік қорынан да тиісті қаражат бөлініп, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.