​ШЫМКЕНТ: Суға шомылу маусымында қауіпсіздік шаралары күшейтілді

0
460

Қауіпсіздікті күшейту бағытында жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында, адамдар көп шоғырланатын орындарда LED экрандар арқылы бейнероликтер көрсетіліп, тұрғындардың мобильді телефондарына 112 қызметі арқылы күнделікті ескерту хабарламалары жіберілуде.


​ШЫМКЕНТ: Суға шомылу маусымында қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Жаз айы басталған тұста, өзен мен көлдердің маңында демалушылардың саны артады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Дегенмен де көптеген адамдар ТЖД қызметкерлерінің ескертуіне мән берми, белгіленбеген орындарда жазатайым оқиғаларға тап болып жатады.


Нақтырақ айтсақ, Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің ресми мәліметіне сәйкес, қала аумағындағы су айдындарында 5 ресми орын белгіленген. Оның үшеуіне шомылуға рұқсат етілген. Олар: «Холодильник» және «Рахат Бадам» демалыс орындарымен Қошқар ата өзенінің бастауы. Сонымен қатар, екеуі спорт және туризмға арналған Дендрологиялық саябақ пен Жайлау көлі бар.

Сондай- ақ, шомылуға тыйым салынған 13 орын айқындалып, 72 ескерту белгілері орнатылған. ТЖД қызметкерлері сәуір айынан бастап, судағы қауіпсіздікті сақтау бойынша 195 рет рейд жүргізіп, 20 952 адам қамтыды.

Қауіпсіздікті күшейту бағытында жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында, адамдар көп шоғырланатын орындарда LED экрандар арқылы бейнероликтер көрсетіліп, тұрғындардың мобильді телефондарына 112 қызметі арқылы күнделікті ескерту хабарламалары жіберілуде.

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары! Сіздерді суға шомылу ережелері мен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырамыз! Әр адамның өмірі – баға жетпес құндылық!