Жиынға қатысушылар тарапынан қойылған бірқатар сауалдарға жауаптар берілді.
Шымкенттегі Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, парасаттылық құндылықтарын дәріптеу мақсатында жиын өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Ж.Әлжанова және қалалық славян этномәдени бірлестігінің мүшелері қатысты.
Кездесуде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген өзгерістер, жемқорлықтың алдын алу мақсатында Департаментпен қолға алынған жобалар мен олардың жүзеге асырылу барысы, азаматтарды жемқорлық туралы хабарлағаны үшін көтермелеу институты жайында ақпарат берілді.
Сонымен қатар, адам бойындағы парасаттылық арқылы жемқорлыққа қарсы мінез-құлықтың үлгісін қалыптастыруға бірлесе жұмыс жасағанда ғана жетуге болатындығы әңгімеленіп, ұжымда парасаттылық құндылықтарын дәріптеудің маңыздылығы талқыланды.
Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы нақты мәліметтерді Агенттіктің 1424 Call орталығына хабарлап айтуға болатыны хабарланып, жиынға қатысушылар тарапынан қойылған бірқатар сауалдарға жауаптар берілді.