ШЫМКЕНТ: “Тассай” индустриялық аймағында 4 инвестициялық жоба іске қосылады

0
524

150 жұмыс орны құрылады.


ШЫМКЕНТ: “Тассай” индустриялық аймағында 4 инвестициялық жоба іске қосылады

Шымкентте “Тассай” индустриялық аймағында 4 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарлануда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы «Тассай» индустриялық аймағында биылғы жылы қосылатын инвестициялық жобалардың іске асырылу барысымен танысты.
«Тассай» индустриялық аймағында импорталмастыру мақсатында 2022 жылы 3 млрд. теңгеге 150 жұмыс орнын құрумен 4 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланған.
Іске қосылуы жоспарланған жобалар:
- «Dentafill Kazakhstan» ЖШС дәрілік заттар мен гигиеналық өнімдер шығаратын зауыт құрылысы, жобалық қуаттылығы жылына 20 млн дана медициналық және гигиеналық өнімдер шығару;
- «Bio Etica» ЖШС медициналық мақсаттағы бұйымдар мен жеке қорғаныс құралдарын шығаратын цех құрылысы, жобалық қуаттылығы жылына 1 млн. дана бұйымдар шығару;
- «Про-Тек-МП» ЖШС медициналық мақсаттағы бұйымдар мен виварии сынақ зертханасының құрылысы;
- «SMART ENG» ЖШС Корпустық жиһаздар мен парталар өндірісі.