Әр азаматтың электронды цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) болуы қажет.
ERNUR.KZ. Тұрғын үй сертификаттарына өтінім қабылдау 2026 жылдың 17 тамызынан басталады.
Бұл – мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары аясында несиеге үй сатып алу кезінде ипотеканың бастапқы жарнасының бір бөлігін жабу үшін азаматтарға берілетін жергілікті атқарушы органның ақшалай міндеттемесінің нысаны.
Тұрғын үй сертификаты қарыз сомасының 10%-нан, бірақ 1 000 000 (бір миллион) теңгеден аспайтын мөлшерде беріледі.
Сертификат өтініш берушіде және онымен тұрақты бірге тұратын отбасының әр мүшесіне ағымдағы қаржы жылына заңнамада белгіленген айына ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 көрсеткішінен аспайтын (2026 жылға – 50 851 теңге), соңғы 6 ай ішінде орташа табысы 157 638 теңге болған жағдайда қайтарымсыз негізде беріледі (зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығын және өзге де міндетті аударымдарды қоспағанда).
Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттары:
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
2) жеңілдіктер бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;
3) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;
4) І және ІІ топтардағы мүгедектігі бар адамдар;
5) ерекше балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
6) асырауында кәмелетке толмаған балалары бар жесір әйелдер (тұл ер адамдар);
7) «Алтын алқа», «Күміс алқалармен» марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналар, көп балалы отбасылар;
8) жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
9) толық емес отбасылар;
10) Шымкент қаласының мемлекеттік мекемелері мен мемлекеттік кәсіпорындарының жұмыскерлері.
Қажет құжаттар тізімі:
1) нысан бойынша өтініш;
2) соңғы 6 ай ішіндегі еңбек және кәсіпкерлік қызметтен табысы туралы жұмыс орнынан анықтама (халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының санаттарын қоспағанда);
3) ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша бастапқы жарнаның мөлшері мен сомасы туралы мәліметтерді қамтитын, өтініш берушіге тұрғынжай сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын беруді мақұлдау туралы Банктің хаты.
4) Соңғы 6 айдағы зейнетақы аударымы туралы анықтама (Каспи, Халық банктері);
Құжаттар мен өтініштер http://xn--ezekte-2pf.kz/ (amanat) интернет ресурсы арқылы қабылданады.
Әр азаматтың электронды цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) болуы қажет.


