​ШЫМКЕНТ: «ТҰРМЫС» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті

0
561

Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқықбұзушылық жасаған 513 жәйт анықталған.


​ШЫМКЕНТ: «ТҰРМЫС» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті

ERNUR.KZ. Биылғы жылғы 15-26 қаңтар аралығындағы Шымкент қаласы аумағында «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шара өткізудің жоспары әзірленіп, профилактикалық жұмыстар атқарылды.


Атап айтқанда, қала аумағында бұл іс-шараға жалпы 606 күш-құралдар жұмылдырылды.
«Қорғау нұсқамасы», «ерекше талаптар», «кәмелетке толмаған балаларын тәрбилеу бойынша өз міндеттерін атқармайтын ата-аналар» сондай-ақ ІІО тізіміндегі есеп санаттары бойынша есепте тұрған адамдарды тұрғылықты жері бойынша 11060 рет тексеру жұмыстары жүргізілді.
Аталған мерзімде отбасылық жанжалдарды болдырмау мақсатында жалпы 540 тұлғаға «қорғау нұсқамасы» шығарылып, сот арқылы 107 тұлғаға «Ерекше талап» орнатылып, алынды.
Іс-шара кезінде әкімшілік учаскелердегі пәтерлер мен аулаларды аралау жұмыстары жүргізіліп, профилактикалық маңызы бар, оның ішінде 2294 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталып, тиісті шаралар қабылданды.

Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқықбұзушылық жасаған 513 жәйт анықталған.
Түнгі мезгілде ата-анасының қадағалауынсыз жүрген 955 жасөспірім ұсталып, «кәмелетке толмағандар түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы» ана-анасына тиісті шаралар көрілді.
Сондай-ақ, кәмелетке толмағандарға қатысты міндеттерді орындамағаны үшін «Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау» бойынша 30 құқықбұзушылық анықталды.
Әкімшілік кодекстің 200 бабымен Алкоголь өнімдерін өткізу жөніндегі талаптарды бұзу бойынша 66 жәйт анықталған.

ІІМ ИДБ және БП ҚСжАЕК есебінде тұрған азаматтық қару иелерін соттылығының, әкімшілік құқық бұзушылықтарының болуына, сондай-ақ ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылуына салыстыру жұмыстары жүргізілді. Іс шараның 12 тәулігінде тізімдік есепке 519 азамат қойылды.
Қолайсыз әлеуметтік ортадағы отбасыларға және зорлыққа ұшырау белгілері бар балаларға көмек көрсетуді ұйымдастыру және өмірдің қиын жағдайға тап болған 106 отбасыларды анықталған. Ол бойынша мүдделі 58 мемлекеттік органдарға ақпараттар хабарланған.
Ата-аналық құқығынан айыруға 29 материал комиссияға және Ішімдікке немесе есірткіге тәуелділіктен емдеуге 28 тұлға жолданды.

Жүргізіліп жатқан профилактикалық іс-шараның барысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша жүргізіліп, құрылған мобильді топпен жергілікті мекен-жайларды аралады.
Зорлық-зомбылық көргендерге психологиялық, құқықтық көмектер көрсетіліп жатыр.
Жалпы, бұл бағыттағы жұмыстар Департамент басшылығының бақылауына алынып, тиісті жұмыстар жалғасуда. Шымкент жергілікті полиция қызмет басқармасының негізгі басты мақсаты - полиция мен тұрғындар арасындағы кері байланысты күшейтіп, ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз ету.
Бөлісу