ШЫМКЕНТ: ТЖ режимін сақтамаған дәмханада тамақтанған полиция қызметкері лауазымынан босатылды

0
1 169

Сондай-ақ дәмхана ішінде тамақтанып отырған Шымкент қаласы Полиция департаменті қызметкерінің аты-жөні анықталып, атқарып отырған лауазымынан босатылған.


ШЫМКЕНТ: ТЖ режимін сақтамаған дәмханада тамақтанған полиция қызметкері лауазымынан босатылды

Шымкен қалалық Абай ауданына қарасты «Сарыарқа» дәмханасы төтенше жағдай режимі енгізілгеніне қарамастан жұмыс істегендігі анықталды. Дәмхана ішінде тамақтанып отырған Шымкент қаласы Полиция департаменті қызметкерінің аты-жөні анықталып, атқарып отырған лауазымынан босатылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2020 жылдың 22 сәуірінде Абай ауданы әкімшілігі мен Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп рейдтік іс-шарасын жүргізу барысында төтенше жағдай режимі енгізілгеніне қарамастан Абай ауданы, Желтоқсан көшесінде орналасқан «Сарыарқа» дәмханасының әкімшілігі азаматтарды қабылдап, оларға сол жерде тамақтануға жол беріп, қызмет көрсеткені анықталды.

Аталған жайт бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабы 6-тармағымен (Карантин және басқа да мiндеттi санитариялық-эпидемияға қарсы iс-шараларды өткiзу) дәмхана әкімшілігі мен азпазшысына әкімшілік хаттамалар толтырылып, жинақталған әкімшілік істер Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды.

Сондай-ақ дәмхана ішінде тамақтанып отырған Шымкент қаласы Полиция департаменті қызметкерінің аты-жөні анықталып, атқарып отырған лауазымынан босатылды.