ШЫМКЕНТ: ​ТЖМ қызметкерлері 18 адамды эвакуациялады

0
148

Олардың 3-і балалар.


ШЫМКЕНТ: ​ТЖМ қызметкерлері 18 адамды эвакуациялады

ERNUR.KZ. Бүгін Шымкент қаласы Тұран ауданында Тәуке хан даңғылында бес қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің баспалдақ алаңында электр қалқаншасында сымдардың қысқа тұйықталуы орын алды. Өрт екінші қабатта болған.

Оқиға орнына ТЖМ бөлімшелері жедел жетті. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін құтқарушылар баспалдақ арқылы эвакуациялау жұмыстарын ұйымдастырды. Үйден 18 адам, оның ішінде үш бала эвакуацияланды.

ТЖМ қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында тұрғындардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіліп, адамдарға төнген қауіптің алдын алынды. Зардап шеккендер жоқ.