ШЫМКЕНТ: Жарылыс салдарынан азамат аяқ, қолынан айрылды

0
2 085

Шымкентте болған жарылыстан 1984 жылы туылған азамат мүгедек болып қалды.


ШЫМКЕНТ: Жарылыс салдарынан азамат аяқ, қолынан айрылды

Иллюстрациялық фото: ғаламтордағы ашық дереккөзден

Шымкент қаласы Еңбекші ауданы Забадам шағын ауданында жарылыс болды – деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Жергілікті тұрғындардың ғана емес, бүкіл құзырлы органдардың тыныштығын алған жарылыстан екі жас жігіт жарақаттанған. Елдімекендегі жеке тұрғын үйде таңертең болған жарылыстан екі жігіт зардап шеккен. Екеуі де қазір Шымкент қалалық бірінші ауруханада жан сақтау бөлімінде жатыр.
Жарылыс болған үйдің айналасын таңнан бері құзырлы орган өкілдері қоршауға алып, тексеру жүріп жатыр. Төтенше жағдайлар департаменті, медициналық қызмет өкілдері де тіпті әскерилер жүр мұнда.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша жарылыс болған үйде үш балалы жас отбасы тұрған. Жарылыс балалар мектеп пен балабақшаға, әйелі жұмысқа кеткен кезде болған.
Шымкенттегі №1 қалалық ауруxананың жан сақтау бөліміне жеткізілген 1984 жылы туған науқастың сол аяғы мен сол қолын орта бөлігнен кесіп тастауға мәжбүр болған.


"Қазір науқастың жағдайы өте ауыр. Қажетті ем домын жасап жатырмыз. 1998 жылы туған науқастың жағдайы да ауыр. Сол аяғының ашық сынығы мен аяғы жыртылған. Ол да жансақтау бөлімінде ем алуды жалғастырады"-деді аурухананың бөлім меңгерушісі Сәкен Байбосынов.
Шымкент қалалық полиция департаменті жарылыстың себебі анықталып жатқанын айтады.