ШЫМКЕНТ: жастар арасындағы лудоманиямен күрес жұмыстары қарқынды

0
505

Орталық саябақта мемлекеттік бағдарламалар жөнінде ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.


ШЫМКЕНТ: жастар арасындағы лудоманиямен күрес жұмыстары қарқынды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Соңғы жылдары елімізде құмар ойынға тәуелділік белең алып барады. Кейбір отбасылар үшін бұл үлкен қасіретке айналды. Лудоманияға қарсы күресте тәрбие ісі мен түсіндіру жұмыстарына ерекше мән берілуге тиіс» деген болатын.

Осы мақсатта Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Шымкент жоғары педагогика колледжінің жастарына «Лудомания - қоғамның дерті» тақырыбында кездесу өткізді. Оған Еңбекші аудандық «Ардагерлер жанынан құралған аналар кеңесі» төрайымы Нарбекова Дильдан, Еңбекші аудандық «Ардагерлер жанынан құралған аналар кеңесі» мүшесі Нұрғалиева Әлия, Шымкент қаласының Еңбекші ауданының инспекторы, полиция аға лейтенанты Төребай Әсел мен «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің психологы Сайдахан Жібек қатысты.
Спикер лудоманияның қазіргі таңда өзекті мәселелердің біріне айналып келе жатқанына тоқталып, оның зияны мен адам өміріне тигізер қауіп-қатерімен бөлісті.

Сондай-ақ, Шымкент қаласындағы Жастар ресурстық орталығының мамандары жастар арасында өзге де өзекті мәселер бойынша ақпараттандыру және түсіндірме жұмыстарын жиі жүргізіп тұрады. Мәселен, Орталық саябақта мемлекеттік бағдарламалар жөнінде ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Жобаның мақсаты — жастарды жұмыспен қамту, кәсіпкерлік бойынша мемлекеттік бағдарламаларды жастар арасында кеңінен ақпараттандыру және NEET санатындағы жастар үлесін азайту.

Ақпараттық түсіндірме жұмыстарында мемлекеттік жұмыспен қамту бағдарламалары: «Жастар практикасы», «Алғашқы бос жұмыс орны» мен жас кәсіпкерлерді қолдау бағдарламалары, сонымен қатар «Аqyl» білім беру жинақтау салымдары туралы түсіндірілді.