«Шымкент жастар лигасы»: Жастар арасында футболдан ойын өтті

0
625

Бас төрешінің бекіткен кестесіне сәйкес Б - тобының кездесулері өтті.


«Шымкент жастар лигасы»: Жастар арасында футболдан ойын өтті

«Шымкент жастар лигасы» жобасы аясында Абай ауданында футбол ойындарының үшінші кезеңі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бас төрешінің бекіткен кестесіне сәйкес Б - тобының кездесулері өтті. Футбол ойындарына Абай ауданына қарасты жалпы білім беру мекемесінен 37 команда жасақталып, 773 оқушы қатысуда.
Аталған жоба - мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді ұйымдастыру, спортпен шұғылдану арқылы олардың ерік пен табандылығын қалыптастыру және Қазақстан Республикасының чемпионаттарына команда жасақтау мақсатында ұйымдастырылып келеді. Әр апта сайын мектеп оқушылары төрешілер бекіткен кестеге сәйкес, спорттық сайысқа түсіп, аудан аралық іріктеуге жолдама алуда.

Айта кетейік, Әл-Фараби және Абай ауданының мектеп қабырғаларында волейбол ойынынан қыздар арасында тартысты ойын өткен болатын. Атап айтқанда:

Әл-Фарби ауданы бойынша:

1. [А-тобы] - №47 мектепте - №17 және №47, № 9 және №11;

2. [В-тобы] - №18 мектепте - №8 және №18, №14 және №35;

3. [С-тобы] - №64 мектепте - №76 және №75, №6 және №76;

4. [Д-тобы] - № 62 мектепте - №1 және №62, №20 және №7.

Абай ауданы бойынша:

1. [А-тобы] - №86 мектепте - №5 мен №81, №87 мен №50;

2. [В-тобы] - №133 мектепте - №78 және №3, №122 және №26;

3. [С-тобы] - №137 мектепте - № 66 және №95, №95 және №137;

4. [Д-тобы] - №23 мектепте - №136 және №56, №125 және №60.

Еске сала кетейік, өткен жылы «Шымкент жастар лигасына» спорттың футбол, баскетбол, волейбол, шахмат түрлерінен 151 жалпы орта білім беру мектептерінен 514 команда құрамында 5926 оқушы қатысты. Атап айтқанда, Абай ауданында - 37, Әл-Фараби ауданында -25, Еңбекші ауданында - 40, Қаратау ауданында – 38. Сонымен қатар, командаларға қолдау көрсетуге 151 мектептен Фан – клуб командалары жасақталып 2265 оқушы қамтылды. Осы спорттық жарыстарға төрешілік жасауға және ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуге 400 ге жуық дене шынықтыру және спорт саласының мамандары жұмылдырылды.