Жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру — қоғамның дамуында маңызды рөл атқаратын процесс. Құқықтық мәдениет жастардың заңдарды білуі, құрметтеуі және оларды күнделікті өмірде қолдануы арқылы қалыптасады.
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі» тақырыбында арнайы кездесу өтті.
Іс-шараға құқық қорғау органдарының өкілдері, университет оқытушылары мен студенттері қатысты. Бұл кездесу Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының тапсырмасы бойынша жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ұйымдастырылды.
Жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру — қоғамның дамуында маңызды рөл атқаратын процесс. Құқықтық мәдениет жастардың заңдарды білуі, құрметтеуі және оларды күнделікті өмірде қолдануы арқылы қалыптасады. Мұның басты мақсаты — жастардың құқықтары мен міндеттерін дұрыс түсінуін қамтамасыз ету. Әлеуметтік институттар, оның ішінде мектептер мен жоғары оқу орындары, жастарға құқықтық білім беру арқылы осы бағытта маңызды жұмыс атқаруы тиіс. Құқықтық мәдениеттің жоғары деңгейі жастардың жауапкершілігін арттырып, заң бұзушылықтардың алдын алу үшін тиімді шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.