ШЫМКЕНТ: жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар таныстырылды

0
61


ШЫМКЕНТ: жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар таныстырылды

Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі» студенттерімен кездесу өтті.

Кездесу барысында жастарға «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны» және «Ақылы қоғамдық жұмыстар» бағдарламаларының мүмкіндіктері түсіндірілді. Сонымен қатар қаржылық сауаттылық пен волонтерлік қызмет бағыттары бойынша ақпарат берілді.
Жиынға Оқу секторының басшысы Аширов Жандос, маманы Зертбек Жасмурат, «Отбасы банк» қаржы кеңесшілері Нурмаганбетова Феруза мен Мамедалиева Эльмира, сондай-ақ «Ізгілікте жарысайық» волонтерлар мектебінің «Айбын» жобасының жетекшісі Ырзамберді Ерболат қатысты.
Кездесу соңында студенттер мамандарға өз сұрақтарын қойып, қажетті ақпарат алды.
Бөлісу