2017 жылы басталған құрылыс жұмыстары бүгінде толығымен аяқталып, пайдалануға берілді.
Шымкенттегі Жібек жолы және Төреқұлов көшелерін қайта құру жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Жібек жолы, Төреқұлов көшелерін (Қазыбек би көшесінен Аймауытов көшесіне дейін) қайта құру жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп, бүгінде ел игілігіне берілді.
Көшенің ұзындығы – 2,2 шақырым, ені – 17 метрді құрайды.
Ал, жаяу жүргіншілер жолы – 2,2 шақырым, ені – 2,2 метр.
Жолды қайта құру жұмысымен «Шымкентдорстрой» ЖШС-гі айналысты. 2017 жылы басталған құрылыс жұмыстары бүгінде толығымен аяқталып, пайдалануға берілді.