Аталған жүйе көп жылдан бері жұмыс істеп келеді.
ERNUR.KZ. Шымкентте қаланы жылумен қамтамасыз ету «Солтүстік» және «Оңтүстік» бөліктерінің екі магистралдық жылу құбыры арқылы жүзеге асырылады.
Мұндағы «Солтүстік» магистральдық жылу желілерінің ұзындығы – 19,2 шқ, диаметрі 800 мм, тұтынушы 61,6%-ды құрайды. Аталған жүйе көп жылдан бері жұмыс істеп келеді. Алайда жылу көзінің тым алыста орналасқандығынан – нормативтік жылу ысыраптарының (24,7%) жоғары болуы, сондай-ақ геодезиялық тұрғыдан қаладағы жылу коммуникацияларынан 63 метр биіктікте орналасуына байланысты бұл схеманың тиімсіз екені байқалып отыр.
Мәселені шешу үшін келесі жұмыстар атқарылды:
– 1 және 2-кезең, «АДЦ-160Гкал» қазандығынан РК-1 Ø-720 мм дейін жалпы ұзындығы 8,3 шқ;
– 3-кезең «АДЦ-160Гкал» қазандығынан «Солтүстік» аймағына жылу энергиясын тарататын РК-1 сорғы станциясының құрылысы;
– 4-кезең «АДЦ-160Гкал» қазандығын жаңғырту.
Бұл бағдарлама келесідей мүмкіндіктер береді:
– «3-Энергоорталық» АҚ-дан келетін жылу қуатын азайту, бұл желілік судың температурасын жоғалтпай қаланың жылу жүйесін толтыруды қамтамасыз ету. Жалпы есептеулер бойынша тұтынушылардың 33 пайызы (46 852 тұтынушы) «АДЦ-160Гкал» қазандығынан жылу энергиясын алатын болады;
– «АДЦ-160Гкал» қазандығының жақын орналасуына байланысты нормативтік шығындар 24,7%-дан 9%-ға дейін төмендейді;
– «3-Энергоорталық» АҚ-дан жылу энергиясын сатып алу шығыны төмендейді;
– Электр энергиясын сатып алу құны төмендейді.
Аталған шаралар жылумен қамтамасыз етуді 20%-ға жақсартып қана қоймай, пайдалану шығындарын азайтады және жылу көзінің тұтынушыларға жақын орналасуын пайдалана отырып, жылыту режимін жылдам реттеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, тарифтің 10%-ға дейін төмендеуіне әсер етеді. Оған қоса, осы жоба барысында Ерімбетов көшесінің бойындағы кемшіліктер түзетіледі.