Республикалық "Зорлық-зомбылықсыз 16 күн" акциясы өіп жатыр.
иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден
Шымкент қаласы Абай ауданы әкімінің аппаратында ашық есік күні өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Атап өтсе, бұл іс-шараға аудан әкімі аппаратының мамандары, аудандық ІІБ қызметкерлері және психолог мамандар қатысып, келген тұрғындарға заңгерлік кеңестер берілді. Сонымен қатар, зорлық-зомбылық құрбандарына психологиялық көмек көрсетіліп, оңалту орталығына жолдама берілді.
Айта кетейік, аталған ашық есік күні республикалық "Зорлық-зомбылықсыз 16 күн" акциясы аясында ұйымдастырылған.