Шымкент: «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы қорытындыланды

0
2 039

15 күн ішінде зорлық-зомбылыққа қатысты 232 хабарлама тіркелген.


Шымкент: «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы қорытындыланды
«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы қорытындыланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ

Іс-шараның 15 күн ішінде, яғни 25 қарашадан бастап Шымкент қаласының ПД-не қарасты аудандық полиция басқармаларына тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 232 хабарлама тіркелген. Сот шешімімен 8 тұлғаның мінез-құлқына ерекше талап белгіленді.

Отбасы тұрмыстағы құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасағаны үшін 24 тұлға ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды (Әл-Фараби-5, Еңбекші-8 және Қаратау-11). Іс-шара барысында яғни 15 тәулікте отбасы тұрмыстық қатынаста қылмыс тіркелмеді.
Іс-шара аясында халық көп шоғырланатын жерлерде отбасы-тұрмыстық қатынастағы құқық бұзушықтардың алдын алу мәтінде 4500 буклеттер мен брошюралар таратылды. Онлайн режимде 9 кездесулер мен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды.
Ішкі істер органдарының профилактикалық есепте тұратын, яғни отбасы-тұрмыстық саласындағы құқық бұзушылықтарды жасаған тұлғаларға қатысты қорғау нұсқамалары шығарылған және мінез-құлқына ерекше талап қойылған тұлғалардың және 279 қолайсыз отбасылардың мекенжайлары бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп, олармен тұрмыстық зорлық-зомбылықа қатысты құқықтық тақырыпта түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Атап өтетін мәселе осы тұрмыстық зорлық-зомбылықа қатысты құқық бұзушылықтар орын алғанда, туыстары бір-біріне, яғни інісі ағасына, әйелі күйеуіне қатысты арыз-шағым жазудан тас тартатын жағдайлар жиі кездеседі. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша жоғарыда көрсетілген іс-шаралар тұрақты түрде жүргізіледі.