Шымкентте 10 адамнан коронавирус анықталды

0
324

8 науқас инфекциялық стационарға жатқызылып, 2 адам үй бақылауына алынған.


Шымкентте 10 адамнан коронавирус анықталды
иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден
Шымкент қаласында 7 қараша күні коронавирус жұқтырған 10 жағдай тіркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бүгінде 8 науқас инфекциялық стационарға жатқызылып, 2 адам үй бақылауына алынған.
Мамандандырылған инфекциялық-стационарларда барлығы 763 орын әзірленген, қазірде төсек-орын толымдығы 33%-ды құрап отыр.