9 мың жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда.
Шымкент қаласында 100-ге жуық индустриялық жоба жүзеге асырылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Мемлекет басшысының экономиканы әртараптандыру және импорт алмастыру жөніндегі тапсырмасын орындаудың бірден бір шарты – ол өңірде өндірістің дамуына қолайлы жағдай жасау және индустриалдық аймақтарды дамыту.
Бүгінде қалада жаңадан «Жұлдыз», «Бозарық», «Стандарт» индустриалды аймақтардың, өнеркәсіптік жылыжай кешендерінің құрылыс жұмыстары мен «Тассай» индустриалды аймақты кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде, «Жұлдыз», «Бозарық», «Тассай» индустриалды аймақтардың инфрақұрылымына бюджеттен биыл 3,9 млрд.теңге қаржы бөлінген.
Өңдеу өнеркәсібі мен импорталмастырудың дамуын әртараптандыру тапсырмасына сәйкес келесідей жұмыстар атқарылатын болады.
Шымкент қаласында өңдеу өнеркәсібінде 2025 жылға дейін 508 млрд. теңгеге 97 индустриялық жобаны жүзеге асырып, онда 9 мың жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда. Бұл бізге қосымша 200 млрд. теңгенің өнімін өндіріп, экспорт көлемін 150 млн. АҚШ долларына ұлғайтуға мүмкін береді. Нәтижесінде өңдеу өнеркәсібінің өнім көлемі 2025 жылы 1,0 трлн. теңгеге жеткізіп, 2020 жылға қарағанда 1,8 есеге өсіру жоспарлануда.