Шымкентте 100 орындық тағы бір инфекциялық стационар ашылды

0
506

Қазіргі таңда инфекцияға шалдыққан 19 науқас ем алып жатыр.


Шымкентте 100 орындық тағы бір инфекциялық стационар ашылды

Үшінші мегаполистегі эпидемиологиялық жағдайдың күрделене түсуіне байланысты тағы инфекциялық стационар ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қалалық психикалық денсаулық орталығында ашылған стационар 100 орынға лайықталған. Мұнда коронавирирус инфекциясы мен пневмонияның орташа және ауыр түріне шалдыққан науқастар ем алуда.
Инфекциялық ауруға шалдыққан науқастарды емдеу үшін орталықта дәрі қоры мен қажетті медициналық құрылғылар жеткілікті. Сондай-ақ мекемедегі медицина мамандары арнайы оқытудан өтіп, біліктілігін арттырған. Қазір мұнда инфекцияға шалдыққан 19 науқас ем алып жатыр.
Айта кетейік, 2020 жылы қалада эпидемиялогиялық жағда өршіген тұста психикалық денсаулық орталығының мамандары коронавируспен күресте алдыңғы шепте қызмет етті. Емдеу мекемесінде провизорлық орталық ашылып, медицина мамандары қауіпті індетке шалдыққан науқастарды емдеп жазды.